Бүгін еліміздің батысы мен шығысында күн ашық болады

Фотография - Бүгін еліміздің батысы мен шығысында күн ашық болады

2 қыркүйекте Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады

134 0

2 қыркүйекте Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді, тек батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-22 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал. 

Түнде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!