Айдын Айымбетовке отандастары сәт-сапар тіледі - Қызылорда облысы

Фотография - Айдын Айымбетовке отандастары сәт-сапар тіледі - Қызылорда облысы

Қыркүйектің екінші жұлдызында ғарышқа үшінші қазақ - Айдын Айымбетов ұшады. Байқоңыр ғарыш айлағынан сапарға аттанатын отандасымызбен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, сондай-ақ тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров кездесіп, сәт-сапар тіледі.

231 0

Қыркүйектің екінші жұлдызында ғарышқа үшінші қазақ - Айдын Айымбетов ұшады. Байқоңыр ғарыш айлағынан сапарға аттанатын отандасымызбен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, сондай-ақ тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров кездесіп, сәт-сапар тіледі. Вице-премьер ғарышкерге Елбасы сәлемін жеткізді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Айдын Айымбетов ғарышқа екінші борт инженер ретінде ұшатын болады. Онымен бірге Ресейдің ғарышкері Волков және даниялық ғарышкер Могенсен ұшпақ.

- Маған осындай үлкен сенім артып жатқандарыңызға алғыс білдіремін және сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Қазақ елінің ғарыш саласындағы жетістіктері үшін қуаныштымын. Менің ойымша, бұл сапар отандық ғылымға үлкен серпіліс беріп, одан әрі дамуына үлес қосады, - деді ғарышкер Айдын Айымбетов.

- Білім күнінде қызылордалық оқушылармен кездескенімде барлығы «Айдын ағаның жолы болсын!» деп ыстық сәлемдерін жолдады. Отандастарымыз үшін бұл үлкен жаңалық. Сапарың сәтті болсын, - деді Қ.Көшербаев, ғарышкерге.

Үкімет басшысының орынбасары "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің мүшесі Айдын Айымбетовке Қазақстан Республикасының Туы мен "ЭКСПО-2017»" халықаралық көрмесі мен Қазақстан Ассамблеясының жалауын табыс етті. Сондай-ақ, жыршы-термешілер ғарышкерлерге арнау арнап, сапарларының сәтті болуына тілектестіктерін жеткізді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!