Елбасы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесті

Фотография - Елбасы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесті

Елбасы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

369 0

Елбасы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жүздесу барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Ли Кэцянға алғыс айтып, ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің былтырғы желтоқсандағы сапарының маңызына тоқталды.

Сіз Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастыру ісіне зор үлес қостыңыз. Қазір біз қол жеткізген уағдаластықтар мен бірқатар өнеркәсіп орындарын Қазақстанға көшіру жөніндегі ұсыныс толық қарқынмен жүзеге асырылуда. Соның нәтижесі ретінде бүгінге дейін бірлескен индустриялық нысандар құру туралы 25 келісімге қол қойылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ "Нұрлы жол" және "Жаңа Жібек жолы" бағдарламаларының синергиясы екі елдің стратегиялық ынтымақтастығын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

Қазіргі уақытта Қазақстаннан Ресейге қарай автомобиль жолы, Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол салынды, Каспий теңізінде теңіз порты құрылды, Орталық Азияның барлық мемлекеттері Қорғас арқылы байланыстырылды. Жаңа Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігі толығымен дайын деп сеніммен айтуға болады, – деді Мемлекет басшысы.

Ли Кэцян Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы достықты нығайтудағы рөлі мен елдеріміздің қарым-қатынастарын жаңа сапалы деңгейге шығару ісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін атап өтті.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!