"Союз ТМА-18М" кемесі Байқоңырдан ұшырылды (сурет, бейне)

Фотография - "Союз ТМА-18М" кемесі Байқоңырдан ұшырылды (сурет, бейне)

Экипаж құрамын туыстары шығарып салды

441 0

"Союз ТМА-18М" кемесінің экипажы Байқоңыр космодромынан ХҒС-ға ұшты, деп хабарлайды Today.kz.

Астана уақытымен 4:30-да ғарышкерлер автобусқа отырды. Автобус оларды космодромға жетізді. Ғарышкерлердің туыстары экипажды "Земляне" тобының әнімен шығарып салды. Сағат 7:30-да толықтай дайын болған экипаж  мемлекеттік комиссия өкілдеріне ХҒС-ға ұшуға дайын екендігін жеткізді және ұшу алаңына барды. "Союз ФГ" – "Союз ТМА-18М" ҒМЗ ғарыш станциясына ұшырылды.

Естеріңізге салсақ, "Союз ТМА-18М" транспорттық басқарылатын кеме ХҒС-на Байқоңыр космодромынан қазақстандық Айдын Айымбетов, Роскосмос ғарышкері Сергей Волков және ЕКА астронавты даниялық Андреас Могенсен құрамындағы экипажбен ұшырылды. Дат және қазақстандық ғарышкерлер орбитада 10 күн болады.

ХҒС бортында Айдын Айымбетов экология жағдайын, әсіресе Арал теңізі, Каспий  теңізі, Құмды дауылдар жағдайын бақылайды.

Ғарышқа Айдын Айымбетов қызы сыйлаған жұмсақ ойыншықты ала кетті. Ұшырылудан аз уақыт бұрын 8 жасар қыз әкесіне сәтті сапар тіледі.

Таяуда Байқоңырда "Союз ФГ" – "Союз ТМА-18М" ҒМЗ ұшырылу алаңына шығарылып, ұшырылу жағдайына қойылған болатын.

"Союз ТМА-18М" кемесінің Гагарин алаңынан ұшырылуы мерейтойлы, 500-ші ұшырылу екенін айта кетейік.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!