Бас мүфти Кувейт елшісімен кездесті

Фотография - Бас мүфти Кувейт елшісімен кездесті

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Кувейттің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тарек Абдолла әл-Фарадж мырзамен ресми кездесу өткізіп, екі ел арасындағы рухани байланыстар төңірегінде әңгіме өрбітті

153 0

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Кувейттің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тарек Абдолла әл-Фарадж мырзамен ресми кездесу өткізіп, екі ел арасындағы рухани байланыстар төңірегінде әңгіме өрбітті.  

Дінбасы мен дипломат Қазақстан мен Кувейт елдері арасындағы рухани байланыстар, діни татулық, дінде орта жолды ұстану, мұсылман үмбетінің бірлігі туралы пікір алмасты. Елші әлемдік діндераралық ортақ түсініктер мен мүдделер қалыптастыруда Елбасы бастамасымен елімізде әр үш жыл сайын өтетін дін лидерлерінің дәстүрлі съездің рөлін айрықша атап өтті.
Бас мүфти Алматыдағы "Нұр Мүбәрак" университетінен Ислам экономикасы факультетін ашу жоспарымен бөлісті. ҚМДБ төрағасы осы бағытта араб тілін жетік меңгерген болашақ дін қызметкерлерін Кувейтке тәжірибе алмасып қайтуға жіберу туралы ұсынысын білдірді. Тарек Абдолла әл-Фарадж бұл ұсынысты қолдайтынын және осы бағытта арнайы кездесулер өткізетінін жеткізді.
«Біз мұсылман үмбетінің ауызбіршілігін одан әрі нығайта түсуіміз керек. Біздің бірлігімізге сызат түсіретін жағдайлардан, пікірлерден барынша алшақ болуымыз тиіс. Бірлік орнаған қоғамда дін де өркендеп, адамгершілік құндылықтар артады», – деді ресми кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфти қазақы дәстүрмен дипломаттың иығына кестелі шапанын жапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!