Ақтауда мұнайсервистік кластер жобасы әзірленуде

Фотография - Ақтауда мұнайсервистік кластер жобасы әзірленуде

Маңғыстау облысында мұнайсервистік кластер құру жобасы тәжірибе жүзінде жүзеге аса бастады

343 0

Маңғыстау облысында мұнайсервистік кластер құру жобасы тәжірибе жүзінде жүзеге аса бастады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен өңірдегі Инжиниринг және кадрларды даярлау орталығымен өткізілген мұнайсервистік кластер құру мәселелері жөніндегі жиналыс барысында айтты.

Алик Айдарбаев 2014 жылы ҚР үкіметтерінің қаулысымен бекітілген 2020 жылға дейінгі ҚР Болашағы зор ұлттық кластерлерді қалыптастыру тұжырымдамасы мен Маңғыстау облысын дамыту келешегі бойынша шаралар жоспары тармақтарының бірін орындау аясында Ақтау қаласында мұнайсервистік кластерді құру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды деді.

Аймақ басшысы елдегі мұнай өңдеу жобаларын жүзеге асыруға жұмылдырылған жобалық компанияларды жергілікті ұйымдарға өндірістер құруға қатысуға мүмкіндік беретін Қазақстан аумағында филиалдар немесе бірлескен кәсіпорындар ашуға міндеттеуді ұсынды.

 

BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!