Мәжіліс бюросында жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Фотография - Мәжіліс бюросында жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

173 0

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. 

Халық қалаулылары назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын талқылау ұсынылып отыр. Олар: Иран Ислам Республикасымен жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық және Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімдерді, сондай-ақ, 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қырғыз Республикасымен Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты. 

Сонымен қатар, жалпы отырыста мәжілісмендер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және "2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобалары бойынша сондай-ақ, Сербиямен инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!