Қазақстанда бензин қымбаттайды

Фотография - Қазақстанда бензин қымбаттайды

Жанармай бағасын мемлекеттік тарапынан реттеу болмайды

407 0

Қазақстанда АИ-92, АИ-93 және дизель отынының бағасы енді реттелмейтін болды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР премьер министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев хабарлады, деп жазады Today.kz тілшісі.

"Жағдай былай қалыптасуда. Біздің елде бар өндіріс, қажеттілікті өтемейтінін білесіздер. Бүгін бізде баға 108 теңге, алайда, теңгенің еркіндікке жіберілуіне байланысты бізде біршама қиындықтар пайда болды... енді біз Ресейден жанармай алғымыз келсе, ол бензиннің бағасы біз үшін 120 теңгеге айналып отыр. Егер біз осылай кете берсек, елде қыркүйектің соңында бензин тапшылығы болады",- деді Сағынтаев.

"Түрлі амалдарды қарастырып және берілген мәселені нарық қатысушыларымен талқылай келе, бензин тапшылығын болдырмас үшін АИ-92, АИ-93 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуымыз керек дегенге тоқтадық",- деп атап өтті премьер министрдің бірінші орынбасары.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда бензиннің қымбаттауы соңғы рет 2015 жылдың 19 мамырында болды. АИ-92 литр үшін тоғыз теңгеге қымбаттап, 108 теңгені құраған: дизель отыны – 99 теңге; АИ-80 -  литіріне 89 теңге.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!