Қазақстанда АИ-92 бензині литіріне 140-150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Фотография - Қазақстанда АИ-92 бензині литіріне 140-150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Владимир Школьник бензин бағасын қасқа мерзімді қымбаттауын болжады

173 0

Қазақстанда бензин бағасының қысқа мерзімді секіруі күтілуде. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифинг барысында ҚР энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Қазір мұнай баррелінің бағасы – 48 доллар. Доллар бағамы – 240 теңге. АИ-92 бензинінің литрі 108 теңге, бұл 40 цент. Мұндай бензинді әкеле алмайтынымыз түсінікті. Бағаның өсетіні түсінікті. Ол қаншалықты қымбаттайды? Оны ешкім айта алмайды. Мүмкін ол 140-150 теңге болар. Әрине, қатты серпін болуы мүмкін, кейін бірақ тұрақталады деп болжаудамыз. Үкімет бұл арқылы ешкімнің пайда көруіне жол бермейді, өйткені автономды заңнама бар", - дейді Владимир Школьник.

Ол сондай-ақ, Қазақстандағы бензин бағасы көтерілгенмен, көршілес елдерден төмен болады, өйткені Қазақстан жанармай бағасын сибсидиялайтынын атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!