678

Қазақстан үкіметі дизель отыны мен АИ-80 бензиніне мемлекеттік реттеуді жалғастырады

Елде берілген жанармай артығымен
Фотография -  Қазақстан үкіметі дизель отыны мен АИ-80 бензиніне мемлекеттік реттеуді жалғастырады

Қазақстанда АИ-92, АИ-93 бензиніне мемлекеттік реттеу алынағанымен, үкімет дизель отыны мен АИ-80 бензинінің бағасын реттеуді жалғастырады, деп хабарлайды Today.kz ҚР бірінші вице министр Бақытжан Сағыньаевқа сілтеме жасай отырып.

"Дизель отыны мен АИ-80 бензині бойынша мемлекеттік реттеу сақталады. Бізде ол артығымен: біз дизель отыны мен АИ-80 бензинін жеткілікті деңгейде шығарамыз. Мұнда мәселе жоқ. Дизель отыны 99 теңге, ал АИ-80 бензині – 89 теңге. Мұнда реттеу толық көлемде", - дейді Бақытжан Сағыньаев.

Естеріңізге салсақ, 4-ші қыркүекте ҚР үкіметі АИ-92, АИ-93 бензиніне мемлекеттік реттеуді алып тастады. ҚР энергетика министрі Владимир Школьниктің айтуынша, бензин бағасы литіріне 150 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Загрузка...