В.Путин мен П.Порошенконың Қазақстанға ресми сапары күтiлуде

Фотография -  В.Путин мен П.Порошенконың Қазақстанға ресми сапары күтiлуде

Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путин мен Украина Республикасының Президентi Петр Порошенко келедi деп күтiлуде.

153 0

Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путин мен Украина Республикасының Президентi Петр Порошенко келедi деп күтiлуде. 

Бұл туралы бүгiн дипломатиялық корпуспен өткен брифинг барысында Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi.

"Жоспар бойынша, өте көп сапарлар күтiлуде. Олардың арасында президент, премьер-министрлер деңгейiндегi сапарлар бар. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымы мен өзге де ұйымдардың деңгейiнде бірқатар аймақтық iрi шаралар өтедi.  Қазан айында ТМД және ЕАЭО саммиттерiн ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ,  Ресей Федерациясының президентi Владимир Путин мен Украина Президентi Петр Порошенконың ресми сапарлары күтiлуде",-деп мәлiм еттi Е.Ыдырысов.

Сыртқы iстер министрi хабарлағандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания, Франция, ОАР, Сауд Арабиясы мен Катар елдерiне сапар жасайды.

"Көрiп отырғандарыңыздай, жұмыс кестесi өте тығыз. Бiздiң ұжымдасқан  күш-жiгерiмiз нәтижелi болады деп сенемiз",-дедi сөзiн түйiндеген Е.Ыдырысов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!