Дүниежүзілік банк ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын

Фотография - Дүниежүзілік банк ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын

Дүниежүзілік банк ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатыспақ. Осы шешім жөнінде банк вице-президенті Илланго Патчамуту ЭКСПО-2017 Комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевпен кездесуі кезінде мәлімдеді.

608 0

Дүниежүзілік банк ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатыспақ. Осы шешім жөнінде банк вице-президенті Илланго Патчамуту ЭКСПО-2017 Комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевпен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Әңгімелесу кезінде тараптар ең ірі халықаралық қаржы ұйымының Қазақстанның инвестициялық жобаларына қатысу мәселесін де ортаға салды.

Дүниежүзілік банк ұйымдарының тобына келесілер кіреді: Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық даму қауымдастығы, Халықаралық қаржы корпорациясы, Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көп тарапты агенттік, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық.

АҚШ Үкіметі және   ірі компаниялары Қазақстандағы алда келе жатқан көрмеге қатысу мәселесін талқылауда. Бұл жөнінде АҚШ энергетика министрінің көмекшісі Джонатан Элкайнд қазақстандық делегация өкілдеріне хабарлады. Ол «жасыл» технологияларды дамыту және энергияның баламалы көздерін ендіру саласында әділ түрде әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде саналатын американдық компаниялар Астанада өз жаңа технологияларын таныстыруға дайын деп мәлімдеді.

ЭКСПО-2017 көрмесіне Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ЮНЕСКО, ЮНИДО секілді жетекші халықаралық ұйымдар да қатысайын деп отырғанын еске саламыз.

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы» АҚ ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және оны өткізу үшін 2013 жылдың 15 қаңтарында құрылды. Көрме Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді.

Оған 100 ел, 10-нан кем емес халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ  келеді деп күтілуде.

Қосымша ақпарат алу үшін  "Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментімен хабарласуға болады: тел.: +7(7172) 919463 , e-mail: pressa@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!