Ұзақбай Қарабалин бензин бағасына байланысты пікір білдірді

Фотография - Ұзақбай Қарабалин бензин бағасына байланысты пікір білдірді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин еліміздегі жанармайдың бағасы бір айдың ішінде тұрақталады деп мәлімдеді.

275 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин еліміздегі жанармайдың бағасы бір айдың ішінде тұрақталады деп мәлімдеді. 

– Қазіргі кезде АИ-92 маркалы бензин бағасының 124 пен 130 теңге арасында қайта-қайта өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Бірақ жанармай бағасының бір айдың ішінде тұрақталатына сенімдімін. Негізінен жағдай Ресейдегі бағаға байланысты. Себебі біздің басты жанармай тасушымыз Ресей мемлекет3. Өз еліміздегі мұнай зауыттары нарықты толық қамтамасыз етпей, Ресейдегі нарыққа тәуелді болатынымыз анық, – дейді Ұзақбай Қарабалин.

– Ал бағаны төмендету келетін болсақ, бұл жерде неге ? деген сұрақ туындайды. Егер нарықта бензин көп болып, бізге ұсыныстар молынан түсіп жатса, ондай сатушы әлбетте бағаны төмендетеді. Меніңше, қазан айы өтіп, қараша-желтоқсан айына жеткенде нарық тұрақталатын болады. Сол кезде бағаны түсіру жағын қарастырамыз, – деді ол.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!