Сербия, Индонезия мен Венгрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Фотография - Сербия, Индонезия мен Венгрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Қазіргі таңда 45 мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады.

225 0

Сербия, Индонезия мен Венгрия ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға келісті. Бұған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясына бағытталған хаттар дәлел, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мәселен, Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто өз хатында алдағы көрме B2В форматындағы қызмет пен энергия тұтыну және онымен қуаттау мәселелері жөнінде сарапшылар арасында диалог жүргізу мен алмасу үшін жақсы негіз ұсынатынан атап өтті", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда 45 мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады. Олар - Ресей, Қытай, Франция, Германия, Түркия, Корея, Жапония, Израиль, Үндістан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Боливия, КХДР, Вьетнам, Швейцария, Түркіменстан, Тәжікстан, Румыния мен т.б.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!