СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фотография - СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша СҚО әкімінің өкімімен СҚО әкімінің индустрияландыру, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы тағайындалды

229 0

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша СҚО әкімінің өкімімен СҚО әкімінің индустрияландыру, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы тағайындалды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

М. Манкеев 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау кентінде туған.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, Финляндияда "инженер", "экономика бакалавры", "Бизнес-әкімшілендіру магистрі" мамандықтары бойынша Оулу университетін бітірді.

2005-2007 жылдары "Жасыл ел" Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы, «Жасыл ел» республикалық штабының басшысы лауазымын атқарды.

2007-2011 жж. "Самғау" ұлттық холдингі" АҚ менеджері, PETROFAC International (Аксай қ, Лондон қ)кен орындарын дамыту жөніндегі инженер, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Инжиринг және технологиялар трансферті" АҚ Технологиялар трансферті департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2011-2013 жылдары - "Астана Innovations" АҚ басқармасының мүшесі - басқарушы директор болды.

2013 жылдан бастап, қазірге дейін ҚР БҒМ «Ғылым қоры» Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры және "Финский Бизнес Хаб" (Финляндия-Қазақстан) компаниясының директоры болып жұмыс істеді.

Еске салсақ, бұрынғы СҚО әкімінің индустрияландыру, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған Әукенов Ерлан Мұратұлы Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!