Елбасы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады

Фотография - Елбасы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

262 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 Кездесуде Д.Ахметов Мемлекет басшысына әлеуметтік-экономикалық ахуал, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ өңірдегі аграрлық сектордың дамуы жөнінде баяндады.
Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы қиындықтар елдегі ахуалға әсерін тигізіп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елдің ірі өнеркәсіптік орталығы болып саналатын Шығыс Қазақстан облысы үшін осы кезеңді жаңа жағдайда айтарлықтай ауыртпалықсыз өткеру маңызды екеніне тоқталды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өнеркәсіп саласындағы жағдайды баян етті.
- Өнеркәсіп өнімінен басқа әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің бәрі алдыңғы кезеңдегіден жоғары. Бұл бірінші кезекте валюта нарығындағы жағдайға байланысты. Бірақ бүгінгі таңда ахуал оңалып келеді. Мысалы, «Қазмырыш» кәсіпорынында бірінші жартыжылдықта өнім өткізудегі іркіліс 10 миллиард теңге болған, қазір ол 3 миллиард теңгеге дейін қысқарды, – деді Д.Ахметов.
Сонымен қатар Д.Ахметов "АЗИЯ АВТО" зауытындағы жағдай туралы да айтты.
- Рубльмен арадағы баға айырмасына байланысты зауыт сатылымнан 55 миллиард теңге зиян шекті, бұл шамамен 12 мың машина. Қазір бұл мәселе де шешіліп жатыр. Валюталық теңгерімді қалпына келтіру арқасында біздің автомобильдердің сатылымы өсіп келеді, – деп атап өтті облыс әкімі.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!