Елбасы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Фотография - Елбасы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Елбасыға ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"акционерлік қоғамының негізгі мақсаттарын айқындайтын даму стратегиясын бекіткенін баяндады.

278 0

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Елбасыға ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"акционерлік қоғамының негізгі мақсаттарын айқындайтын даму стратегиясын бекіткенін баяндады. Бұл туралы Today.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Президенті экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін компанияның салалық емес активтерінен арылуы қажеттігін айтты. 

Тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңіндегідей жекешелендіруді батыл жүргізу керек. Тікелей қызметке – уран өндірісіне ден қойып, қалған активтердің бәрін жеке меншікке беру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқармасының төрағасы өндірісті әртараптандыру мен ядролық отын циклының барлық буынына ену, сондай-ақ тиімділікті арттыру, компанияны, соның ішінде өндіру кәсіпорындарын трансформациялауды жүргізу даму стратегиясының негізгі басымдықтарына жататынын айтты.

А.Жұмағалиев стратегияны жүзеге асыру "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның құнын арттырып, оның әлемдік уран өндірісі нарығындағы көшбасшылық орнын сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!