"Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

Фотография - "Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасының (Президентінің) міндетін атқарушы болып Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы тағайындалды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен

314 0

"Жолаушылар тасымалы" АҚ  Басқарма төрағасының (Президентінің) міндетін атқарушы болып Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы тағайындалды, деп  хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ  баспасөз қызметінен. 

Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы 1978 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысында дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Тасымал процесін басқару жөніндегі инженер, қаржыгер. Оның еңбек жолы Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен байланысты. Еңбек жолын 1999 жылы "Қазақстан темір жолы" РМК Атырау тасымал бөлімінің Маңғышлақ стансасында кезекші ретінде  бастаған. Кейін қабылдаушы-тапсырушы, бас маман болып қызмет етті. 2002-2008 жылдар аралығында "ҚТЖ» ҰК" ЖАҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2008-2011 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Жол қатынасы комитеті төрағасының орынбасары, "Вокзал-сервис" АҚ Президенті, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның жолаушылар тасымалы жөніндегі  басқарушы директоры. 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін «ҚТЖ»ҰК» АҚ-да, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басшы қызметінде болды. 2013 жылдың тамызынан 2015 жылдың қыркүйегі аралығында - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Аппарат басшысы - Басқарушы директоры. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!