Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды

Фотография - Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды

746 0

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды.

Шараға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия  парламентінің төрағасы Исмет Йылмаз  қатысуда.

"Құрметті қауым! Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын ашық деп жариялаймын", - деді Елбасы.

Осыдан кейін Қазақстанның Мемлекетттік Әнұраны ойналды.

"Құрметті ханымдар мен мырзалар, мәртебелі меймандар!  Сөзімді бастамас бұрын, бүгінгі күні түркі тектес мемлекеттердің 5-ші саммиті өтетін күніменен біздің мерекеміз дәл келгенін айтып өтейін. Сондықтан осы жиынға  қатысып отырған құрметті қонақтарымыз Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті құрметтейміз. Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаевты зор құрметпен қарсы аламыз. Ердоған мырза алдындағы шаруаларына байланысты маған телефон шалып, уәкілі ретінде Ұлы Түрік жиылысының төрағасы Исмет Йылмазды жіберді", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!