Астана досты сүйіндіреді, дұшпанның мысын басады - Мемлекет басшысы

Фотография - Астана досты сүйіндіреді, дұшпанның мысын басады - Мемлекет басшысы

Елорданы салу тәуелсіз Қазақстанның өте күрделі мақсат қойып, оны табандылықпен орындай алатынын күллі әлемге айқын дәлелдеп берді

341 0

Елорданы салу тәуелсіз Қазақстанның өте күрделі мақсат қойып, оны табандылықпен орындай алатынын күллі әлемге айқын дәлелдеп берді. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын барысында  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Мына Астананың төрінде отырып, бүгінде бар қазақтың ортақ мақтанышына айналған елордамыз  туралы айтпау мүмкін емес. Астанамыз - жаһанға танылған жұртымыздың жарқыраған жақұты, азаматтарымыздың алтын қыраны. Елорданы салу тәуелсіз Қазақстанның өте күрделі мақсат қойып, оны табандылықпен орындай алатынын күллі әлемге айқын дәлелдеп берді. Бас қаламыз қазақтың абыройын асырып, мерейін тасытты. Досты сүйіндіріп, дұшпанның мысын басатын еңселі ордаға айналды. Астанамен бірге қалың қазақтың да даңқы артты. Еліміздің әр өңіріндегі басқа қалалар мен елді мекендер де елордаға қарап бой түзеп, жарқырай бастады. Бүгінгі торқалы тойымыз өтетін Тәуелсіздік сарайы мен Спорт кешені де осындай еңселі ғимараттардың бірі»,-деді Елбасы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!