Керей мен Жәнібекке ерген 200 мың қазақтың саны жер жүзінде 15 миллионнан асты - Елбасы

Фотография - Керей мен Жәнібекке ерген 200 мың қазақтың саны жер жүзінде 15 миллионнан асты - Елбасы

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай дей келе, тағы мыңдаған қазақ ашаршылық пен соғыста қырылмаса, қанша болар едік деген ойын жеткізді.

411 0

Кеше Керей мен Жәнібек хандардың артынан ерген 200 мың қазақтың саны бүгінде жер жүзінде 15 миллионнан асты.

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын барысында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай дей келе, тағы мыңдаған қазақ ашаршылық пен соғыста қырылмаса, қанша болар едік деген ойын жеткізді.

"Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан берік орын алып, әлемдегі үздік отыздықтың қатарынан кіруді басты стратегиялық мақсат етіп отырмыз. Алда Астанада ғылым мен техникадағы, өнеркәсіптегі жаңалық атаулыны насихаттайтын EXPO-2017 көрмесін өткізу міндеті бар. Қазір адамзат қоғамы жаңа индустриялық революцияның қарсаңында тұр. Оған Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібі дайын болу үшін біз үдемелі индустиялық-инновациялық даму бағдарламасын жасап, оның екінші бес жылдығын орындаудамыз.Бұны әлемдік бәсекеге қабілетті болу үшін жасап отырмыз", - дейді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті атап өткендей, Қазақстан биыл Дүниежүзілік сауда ұйымының ресми мүшесі атанды, елімізде бес институционалды реформаны жүзеге асыру жұмысы басталды. "Тиісті мемлекеттік органдар оны (5 реформаны - агенттік) рет-ретімен жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бұл реформа бізді жаңа биіктерге бастайды", - деді Н.Назарбаев.

Ал Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбына оралған Елбасы: "Егемен болмай, ел болмас» дегендей, біз  азаттық жылдарында шын мәнінде ұлы жолдан өттік. Тәуелсіздік кезеңі біз үшін ғасырлар жүгін арқалаған ғаламат кезең болды. Кезінде Керей мен Жәнібекке ерген халықтың ұзын саны 200 мың шамасында болған екен. Бүгінде сол қазақтың қатары жер жүзінде 15 миллионнан асып жығылды. Ал егер қазақ өткен ғасырдың ашаршылығына ұшырамаса, қан соғыста қырылмаса,  қазақтың саны қанша болар еді, өздеріңіз ойлап көріңіздерші..." - деді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!