Ұлы дала елі - Қазақстанның халықтық атауы – Назарбаев

Фотография - Ұлы дала елі - Қазақстанның халықтық атауы – Назарбаев

Бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі ұрпақ Ұлы даланың мұрагері екенін айтты.

245 0

Бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі ұрпақ Ұлы даланың мұрагері екенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Құрметті ағайын, біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан бері Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы даланың мұрагеріміз", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы осынау кең байтақ ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, жаңа Қазақстанның дүниеге келгенін атап өтті.

"Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі. Бұл – біздің тағдырымыз. Бұл – біздің таңдауымыз. Мәңгілік елімізде бейбітшілік пен береке бола берсін! Халқымыз аман болсын!", - деп түйіндеді сөз соңын Қазақстан Президенті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!