ҚР Қарулы Күштері Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуді бастады

Фотография - ҚР Қарулы Күштері Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуді бастады

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу күндері ҚР Қарулы Күштері даңқты әскери дәстүрді құрметтеп, салтанатты және мерекелік іс-шараларды өткізуді қолға алды.

408 0

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу күндері ҚР Қарулы Күштері даңқты әскери дәстүрді құрметтеп, салтанатты және мерекелік іс-шараларды өткізуді қолға алды. Әскери бөлімдерде концерттер, театрландырылған қойылымдар, шерулер өтеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Отанымызды, оның тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты міндеті. Сонау ғасырларда тайсалмайтын батырларымыз ғасырлар бойы қазақ халқының айбындылығы мен беріктігін паш етті. Батырлық ұлт-азаттық көтеріліс, екінші дүниежүзілік соғыста біздің отандастарымыз Отан үшін шайқасып, ата-бабаларының даңқын ұятқа қалдырған жоқ. Барлық осы дәстүрді қазіргі заманғы армияда да қастерлейді.

ҚР Қарулы Күштерінде іс-шара бүгін кешке басталады. ҚР ҚК десантшы әскери қызметшілері мен әскери полицейлер Астанадағы жаңа мұз айдыны сарайында көз тартарлық және ауқымды флешмобқа қатысады. Онда бұрын-соңды болмаған театрландырылған қойылым өтеді.

Одан басқа, атаулы күнге дейінгі бірнеше апта бұрын барлық гарнизондарда, Құрлық әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарында әскери қызметшілердің жоғары патриотизмі мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсеткен патриоттық акциялар өтті.

Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстанда алғаш рет республиканың барлық мектептері мен колледждерінде «Ерлік сабақтары» өтті. Сабақтарды 1 300 әскери қызметші, яғни, оқу жылының бірінші күнінде Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп генералдар, офицерлер және сержанттар өткізді. Оқушыларға еліміздің тарихы, атаулы күндер, Отан қорғаушысының кейпін қалыптастыру туралы әңгімелеп берді. Бұл ерлік сабақтарына мазмұнды ғана емес, сонымен бірге, білім беру мән-мағынасын берді. Ол уақыт талабына сай және патриоттық тәрбие берудің кең қызметіне ие.

Бұдан басқа, биылғы жылдың соңына дейін ҚР Қарулы Күштерінде осы датаға орайластырылған дөңгелек үстелдер, оқу-жаттығулар мен конференциялар өтеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Қорғаныс министрлігі арнайы имидждік бейнероликтер жасады. Онда армияның құрылуы мен дамуы, Отан қорғаушы батыр жауынгерлер көрсетілген.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!