ҚР Президенті: ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне түркі тілдес елдер түгел қатысады деп сенемін

Фотография - ҚР Президенті: ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне түркі тілдес елдер түгел қатысады деп сенемін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне түркі тілдес елдер түгел қатысады деп сенемін. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының бесінші саммитінің отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті

1109 0

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне түркі тілдес елдер түгел қатысады деп сенемін. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының бесінші саммитінің отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

"Біз үшін маңызды мәселенің бірі Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі. "Болашақ энегетикасы" атты осы көрмеге түркі тілдес елдер түгел атсалысады деп сенемін. Бұл көрме осы саладағы озық ғаламдық тәжірибелерді зерттеп, жетістікті пайдалану керек. Алдағы уақытта әлемде арзан атом энергиясына сұраныс арта түспек. Қазақстан әлемде уран кенін сыртқа шығаратын бірден бір мемлекет. Сондықтан ядролық энергетиканы дамытуды да ұмытпаған жөн",- деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы жаһандық жағдайларға тоқтала отырып, мұнай бағасы екі есеге төмендеп, көмірсутек экспорттайтын түркі тілдес елдерінің табысы азайғанын атап өтті. «Осы қалыптасқан ахуал аясында да ЭКСПО халықаралық шарасын өткізу біз үшін өзекті екенін айғақтай түседі. Бұған қоса мұнай бағасының төмендеуі біздің арамыздағы саудаға да әсер етпей қоймады. Бұл бізге өзара экономикалық ықпалдастықты жандандырудың қажеттігін көрсетіп отыр. Ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту де бізге маңызды», -деді Мемлекет басшысы.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!