Дариға Назарбаева ҚР премьер-министірінің орынбасары болып тағайындалды

Фотография - Дариға Назарбаева ҚР премьер-министірінің орынбасары болып тағайындалды

Ақорданың Твиттердегі аккаунтындағы хабарламаға сәйкес, Дариға Назарбаева ҚР премьер-министірінің орынбасары болып тғайындалды, деп хабарлайды Today.kz.

809 0

Ақорданың Твиттердегі аккаунтындағы хабарламаға сәйкес, Дариға Назарбаева ҚР премьер-министірінің орынбасары болып тғайындалды, деп хабарлайды Today.kz.

Осы лауазымға дейін Дариға Назарбаева ҚР Парламент Мәжілісінің вице-спикер қызметін атқарған.

Ертеректе хабарлағанымыздай, вице-премьер қызметін атқарған Бердібек Сапарбаев өз қызметінен босап, Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған. Ол бұл қызметте Архимед Мұхамбетовтің орнына келген. Сәйкесінше, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалған.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (07.05.1963, Қарағанды облысы Теміртау қаласында туылған) – тарих ғылымдарының кандидаты (1991), саясаттану ғылымдарының докторы (1998). ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының вице-президенті (1992). "Хабар" телерадио корпорациясының вице-президенті, директоры, президенті (1994–2001), 2001 жылдан директорлар кеңесінің төрайымы, "Асар" партиясының төрайымы (2003–06) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшысы. "Демократизация политических систем стран СНГ: опыт, проблемы, приоритеты" ("ТМД елдерінің саяси жүйелерін демократияландыру: тәжірибе, проблемалар, басымдылықтары») деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. "Парасат" (2004), Өнер және әдебиет (2009, Франция) ордендерімен марапатталған.

Білімі жоғары. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, аздап неміс тілін меңгерген.

Михайл Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған.

1985 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1990 ж. Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен. 1991 ж. тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң саясат ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.

1992 ж. — "Бөбек" балалар қайырымдық қорының вице-президенті.

1994 ж. — "Хабар" Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.

1995 ж. — "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

1998 ж. — "Хабар" агенттігі" АҚ президенті.

2001 ж. — "Хабар" агенттігі" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.

2003 ж. — "Асар" партиясының лидері.

2006—2007 жж. — "Нұр Отан" партия төрағасының орынбасары.

2004—2007 жж. "Асар" партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты боп сайланған.

2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты.

2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің Төрайымы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!