Айдын Айымбетов Жерге аман-есен қонды

Фотография - Айдын Айымбетов Жерге аман-есен қонды

"Союз ТМА-16М" ғарыш кемесі Жерге аман-есен оралды. Құрамында Геннадий Падальский, Айдын Айымбетов және Андреас Могенсон бар экипаж Астана уақытымен таңғы 6:52-де Қарағанды облысының аумағына келіп қонған

266 0

"Союз ТМА-16М" ғарыш кемесі Жерге аман-есен оралды. Құрамында Геннадий Падальский, Айдын Айымбетов және Андреас Могенсон бар экипаж Астана уақытымен таңғы 6:52-де Қарағанды облысының аумағына келіп қонған деп хабарлайды Ұшуды басқару орталығының ресми сайты.

"Орбитадан түсу және Жерге қону операцияларының барлығы сәтті аяқталды" делінген аталған хабарламада. Қазір экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы.

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшқан "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 4 қыркүйек күні қосылды. Ол станция бортына ресейлік Сергей Волковты, қазақ Айдын Айымбетовты және даниялық Андреас Могенсонды жеткізген. 

"Союздің" қонуын қамтамасыз ету жөніндегі іздеу-құтқару қызметіне 200-ге жуық әскери қызметкер, бортында арнайы жабдықтары бар 14 Ми-8 тікұшақтары, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және 15 бірлік техника, сондай-ақ төрт жол талғамайтын іздестіру-көшіру машиналары қатыстырылды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!