Айдын Айымбетов Жерге қонғаннан кейін өзін жақсы сезінуде - Талғат Мұсабаев

Фотография - Айдын Айымбетов Жерге қонғаннан кейін өзін жақсы сезінуде - Талғат Мұсабаев

Айдын Айымбетов Жерге қонғаннан кейін өзін жақсы сезінуде. Бұл туралы бүгін Астана әуежайында "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесінің халықаралық экипажымен кездесуге арналған шара алдында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етт

387 0

Айдын Айымбетов Жерге қонғаннан кейін өзін жақсы сезінуде. Бұл туралы бүгін Астана  әуежайында "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесінің халықаралық экипажымен кездесуге арналған шара алдында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

Атап айтқанда, бүгін таңертең Геннадий Падалка (Ресейғарыш), қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен Қазақстанда есептелген аудан маңына аман-есен қонды.

"Бүгін ғарыштан тағы бір қазақ жігіті оралды. Біз Айдынды шын жүректен құттықтаймыз. Оның алдағы жұмыстарына жемістер тілеймін. Осы бүгінгі маңызды оқиғамен барша отандастарымды құттықтаймын", - деді Т. Мұсабаев.

Оның сөзіне қарағанда, ғарышкерлер экипажы Қазақстан жеріне аман-есен қонды. "Бүгін біз оны Жезқазған жазығында күтіп алдық. Ұшу сапары сәтті өтті деп толық айта аламыз. Қазғарыш басшысы ретінде бүгін ұзақ уақыттан бері жоспарлаған жұмысымызды аяғына дейін жеткізгеніме мақтан тұтамын. Атап айтқанда, үлкен ғылыми маңызды бағдарлама жүзеге асырылды. Осы шараның  барлығы халқымыз Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойын атап өту кезінде іске асырылды", - деді Қазғарыш басшысы.

Сонымен қатар ол Айдын Айымбетов Қазақстан Туын Елбасыға тапсыратындығын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, А. Айымбетов ғарышқа Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған тулар мен еліміздің көк байрағын алып ұшқан болатын. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!