Елбасы ғарышкер А.Айымбетовті Астана әуежайында қарсы алды

Фотография - Елбасы ғарышкер А.Айымбетовті Астана әуежайында қарсы алды

Бүгін Астана әуежайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесінің халықаралық экипажымен кездесті

197 0

Бүгін Астана  әуежайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесінің халықаралық экипажымен кездесті.

Рекордсмен Геннадий Падалка (Ресейғарыш), қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен Қазақстанда есептелген аудан маңына аман-есен қонды.

Жоспар бойынша 06:51-де Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 км қашықтықта Жерге сәтті қонған ғарышкерлер Астанаға Қазақстан басшыларының салтанатты қарсы алу шарасына аттанды.

"Союздің" қонуын қамтамасыз ету жөніндегі  іздеу-құтқару қызметіне 200-ге жуық әскери қызметкер, бортында арнайы жабдықтары бар 14 Ми-8 тікұшақтары, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және 15 бірлік техника, сондай-ақ төрт жол талғамайтын іздестіру-көшіру машиналары қатыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Айдын Айымбетов 2 қыркүйекте ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш стансасына ұшқан болатын. Отандасымыз мұнда  бірқатар ғылыми тәжірибелер, атап айтсақ  экология, физика және медицина саласында зерттеулер жүргізді. Сондай-ақ, қазақ ұлттық тағамдарын ғарышкерлер рационына енгізу тәжірибеден өткізілді.

ХҒС сегментіне қазақстандық ғарышкердің ұшырылым бағдарламасын дайындауды Қазғарыш «Ұлттық ғарыштық зерттеу және технологиялар орталығы» АҚ-ға (ҰҒЗТО) тапсырылған. Бағдарлама басшысы, "ҰҒЗТО" АҚ президенті Жұмабек Жантаев қазақстандық ғарышкердің ұшырылымына келісімшартқа қол қойғаннан кейін ҚазАқпаратқа берген қысқаша сұхбатында Айдын Айымбетов ХҒС бортында он эксперимент орындайтынын айтқан болатын. Олардың ішінде табиғи-ресурстық және геофизикалық мониторинг бойынша зерттеу бар.

Айта кетейік, Айдын Айымбетов бұл сапарын Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ата заңымыздың 20 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығына арнайтындығын айтқан болатын.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!