Ғарыштағы зерттеулер бойынша Қазақстанның бағдарламасы орындалды - Айдын Айымбетов

Фотография - Ғарыштағы зерттеулер бойынша Қазақстанның бағдарламасы орындалды - Айдын Айымбетов

Бүгін Астана әуежайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында Қазақстан ғарышкері Айдын Айымбетов зерттеу бағдарламасы орындалғанын хабарлады

244 0

Бүгін Астана  әуежайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында Қазақстан ғарышкері Айдын Айымбетов зерттеу бағдарламасы орындалғанын хабарлады.

Айта кетейік, бүгін елордада "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесінің халықаралық экипажын қарсы алуға арналған салтанатты шара өтті.
"Зерттеулер бойынша Қазақстанның бағдарламасы орындалды. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің басшылығыңызбен біздің еліміз алға жылжып, ғарыш саласы дамып келе жатқандығына өте қуаныштымын", -деді А. Айымбетов.

Сонымен қатар ғарышта тапсырылған бағдарламалар түгелдей орындалғанын ресейлік ғарышкер де құптады. "Бүгін халықаралық ғарыш экипажындағы үш елдің өкілі, яғни Қазақстан, Ресей және Данияның ғарышкерлері сапардың барлық бағдарламасын орындап, қонақжайлы Қазақстан жеріне аман-есен қонды. Баршамыз үшін бұл үлкен мереке. Бүгін бізді қарсы алу шарасында көптеген жастарды байқадым. Бұл өз кезегінде жас буынға үлгі көрсетудің жарқын жолы", - деді Геннадий Падалка (Ресейғарыш).

Өз кезегінде Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен халықаралық ғарыш экипажы өз жұмысында жоғары нәтиже көрсеткендігін атап өтті. "Бірлесе отырып қандай жетістіктерге қол жеткізе алатындығымыздың жарқын үлгісін көрсеттік. Осы тұрғыда жасалған жағдайлар үшін Қазақстанға үлкен алғысымды айтамын", - деді А. Могенсен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!