Бүгін елімізде Отбасы күні аталып өтеді

Фотография - Бүгін елімізде Отбасы күні аталып өтеді

2013 жылы елімізде мерекелердің қатарына жаңа мереке – Отбасы күні қосылды. Қазақстан халқы оны алғаш рет 2013 жылдың 8 қыркүйегінде атап өтті.

306 0

Қазақстан халқы қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күнін тойлайды, деп хабарлайды BNews.kz.

2013 жылы елімізде мерекелердің қатарына жаңа мереке – Отбасы күні қосылды. Қазақстан халқы оны алғаш рет 2013 жылдың 8 қыркүйегінде атап өтті. Мерекенің мақсаты қоғамның назарын отбасындағы көптеген проблемаға аудару болып табылады.

"ХХI ғасырдың ортасында ең дамыған мемлекеттерде отбасылардың басым бөлігі тыныштық пен молшылықта өмір сүретін болады. Бала тәрбиелеп, оларға сапалы білім береді, аға ұрпаққа қамқорлық көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстанады", - деп атап өтті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеше, 12 қыркүйекте, мереке қарсаңында "Мерейлi отбасы" байқауының финалы өтті, онда халықтық дауыс беру жолымен жеңімпаз анықталып, республикалық кезеңге дейін жеткен 16 отбасы марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер"туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісі отбасы күні мерекесі болып белгіленген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!