Бүгін Мемлекет басшысының Тәжікстанға сапары күтілуде

Фотография - Бүгін Мемлекет басшысының Тәжікстанға сапары күтілуде

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстан Республикасына сапары күтілуде деп хабарлайды осы елдің сыртқы істер министрлігі

241 0

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстан Республикасына сапары күтілуде деп хабарлайды осы елдің сыртқы істер министрлігі. 

"ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның кездесуі барысында екі тараптың серіктестігі жайында алты құжатқа қол қойылады. Солардың ішіндегі ең маңызды құжат - екі елдің байланысын жаңа деңгейге шығаратын стратегиялық келісім" делінген Тәжікстан СІМ таратқан хабарламада.

Ал, қалған 5 құжат білім және ғылым, спорт, ақпаратты қорғау, еңбек миграциясы салаларына және екі елдің сыртқы істер министрліктерінің 2016-2017 жылдардағы серіктесігі жайында болмақ.

Білім және ғылым саласындағы келісімге сәйкес, тәжік жастары Қазақстанның жоғары оқу орындарына арнайы дайындық курстарынсыз түсе алады.

Айта кетейік, екі елдің арасындағы сауда айналымы 2014 жылы 85 миллион долларды құраған болатын. Қазақстан Тәжікстанға бидай, ұн, мұнай өнімдерін, қара металл экспорттайды. Ал, Тәжікстан мақта, алюминий және көкөніс пен жемістерін ұсынып келген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!