Астанада ауа райы күрт төмендейді

Фотография - Астанада ауа райы күрт төмендейді

Бүгін синоптиктердің хабарлауынша, елордада алдағы күндері күн суиды. Солтүстік-батыстан мұздай антициклон тармағы Астана қаласына әсер етуі салдарынан ауа райы температурасы төмендейді

447 0

Бүгін синоптиктердің хабарлауынша, елордада алдағы күндері күн суиды. Солтүстік-батыстан мұздай антициклон тармағы Астана қаласына әсер етуі салдарынан ауа райы температурасы төмендейді деп хабарланған әкімдіктің ресми сайтында. 

Бүгін түнде ауа райы температурасы +3–5°С, солтүстік-батыстан соғатын жел 9–14 м/с дейін күшейеді. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +12–14°С дейін көтеріледі.

Ертең, 15 қыркүйекте елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9–14 м/с дейін күшейеді. Түнде ауа райы температурасы +1-3°С, күндіз 13–15°С жылиды.

16 қыркүйекте жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 16–18°С, түнде +5–7°С күтілуде. Шығыс-оңтүстіктен 9–14 м/с жел соғады.

"Қазгидромет" РМК мамандарының хабарлауынша, елордада алдағы апта бойы ауа температурасы төмен болады 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!