Биыл Қазақстан диқаншылары 17,3 млн тонна астық бастыруды жоспарлап отыр

Фотография - Биыл Қазақстан диқаншылары 17,3 млн тонна астық бастыруды жоспарлап отыр

Биыл ел диқандары 17,3 млн астық бастыруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін "Ақмол-феникс" кәсіпорнына ұйымдастырылған пресс-тур барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті

104 0

Биыл ел диқандары 17,3 млн астық бастыруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін "Ақмол-феникс" кәсіпорнына ұйымдастырылған пресс-тур барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті. 

"Осы жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 21,2 млн гектарды құрады. Жалпы сыйымдылығы 342 мың тонна болатын астық сақтау қоймалары салынады. Ал, ғарыштан жүргізілген мониторингін сүйенсек, 17,3 млн тонна астық бастырылады деп жоспарлануда", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде сыйымдылығы 3,7 млн тонна астық қоймалары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде сыйымдылығы 12,6 млн тонна қоймалар бар. 

"Бұл биыл жинайтын астықты бұзбай сақтауға толық мүмкіндік береді",-деді вице-министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!