Қазақстан Тәжікстанмен байланысты үзуді емес, нығайтуды қолдайды - Н. Назарбаев

Фотография - Қазақстан Тәжікстанмен байланысты үзуді емес, нығайтуды қолдайды - Н. Назарбаев

Бұл туралы бүгін Тәжікстан Республикасының басшысы Эмомали Рахмонмен келіссөздер нәтижесі бойынша БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдемеде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты

154 0

Қазақстан Тәжікстанмен байланысты үзуді емес, нығайтуды қолдайды.

Бұл туралы бүгін Тәжікстан Республикасының басшысы Эмомали Рахмонмен келіссөздер нәтижесі бойынша БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдемеде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Біз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сенім мен достықтың ортақ саясатын жүргізіп келеміз. Тәжікстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен қиын кезеңдерді бастан кешті, біз тәжік халқымен әрқашанда бірге болдық", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан әрқашан қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан Тәжікстанға гуманитарлық жағынан, әскери-саяси салада, халықаралық аренада да барынша жәрдемдесіп, қолдағанын атап өтті.

" Біз осында, Орталық Азияда бірге өмір сүруді әдетке айналдырдық, біздің халықтарымыз бір-бірін жақсы біледі. Біз сауда-саттық жасадық, біздің мәдениетіміз ортақ, өздеріңіз де жақсы білесіздер, Қазақстан бұл байланыстарды үзуді емес, одан әрі нығайтуды қолдайды",- деді Н. Назарбаев.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті ресми сапармен Тәжікстанға келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!