Елбасы Дмитрий Медведевті 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Фотография - Елбасы Дмитрий Медведевті 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке оның 50 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жолдады.

225 0

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке оның 50 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы құттықтауында Д.Медведевтің жігерлілігі мен алысты болжай білетіндігін, сондай-ақ Ресейдің қарқынды дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы биік беделін атап өткен.

"Біздің арамызда қалыптасқан деңгейі биік сенім мен өзара түсіністік алдағы уақытта да елдеріміздің серіктестік рухы мен одақтастығын нығайтуға қызмет ете беретініне сенімдімін", – делінген құттықтауда.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Үкіметі төрағасына мықты денсаулық, бақыт және игілік тіледі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!