Оңтүстік өңірлерде астық жинау науқаны аяқталды

Фотография - Оңтүстік өңірлерде астық жинау науқаны аяқталды

Бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров БАҚ өкілдерімен егіс алқабының басында өткізген баспасөз мәслихатында осы күндері оңтүстік өңірлерде астық жинау науқаны аяқталғандығын атап өтті

258 0

Бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров БАҚ өкілдерімен егіс алқабының басында өткізген баспасөз мәслихатында осы күндері оңтүстік өңірлерде астық жинау науқаны аяқталғандығын атап өтті.

- Қазіргі таңда Оңтүстік өңірлерде егіс науқаны толық аяқталды. Бұл аймақтарда тек күріш пен жүгері жинау жұмыстары ғана қалды. Десек те, бүгінгі таңда астық жинау науқаны баяу жүріп жатқан өңірлер баршылық. Олар: Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Мұндай жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты туындап отырған мəселе. Ал, жалпы алғанда, 13 қыркүйектегі жағдай бойынша, 6 млн гектар жердегі астық жиналды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі жағдаймен салыстырғанда, 250 мың гектарға артық, - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол еліміз биыл өзге мемлекеттерден бөлек Қытайға да астық экспортын ұлғайтатынын мәлімдеді.

- Елімізде былтыр экспортталған астық көлемі 7,3 млн тонна болған еді. Биыл да астықты экспорттау көлемі осы шамада болады деп жоспарлап отырмыз. Негізінен Астықтың экспортқа шығатын тараптары – Азия мемлекеттері, Иран, Пәкістан елдері болатын. Ал енді биылдан бастап, Қытай мемлекетіне экспорттайтын астық көлемін ұлғайту жоспарда бар, - деді ол өз сөзінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!