Мемлекет басшысы тәжік жастарын қазақстандық ЖОО-ларда білім алуға шақырды

Фотография - Мемлекет басшысы тәжік жастарын қазақстандық ЖОО-ларда білім алуға шақырды

234 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәжік жастарын қазақстандық ЖОО-ларға түсуге шақырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен Душанбедегі келіссөз қорытындысында айтты.

"Біз Тәжікстан жастарын Қазақстан университеттеріне түсуге шақырамыз", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда өте жақсы халықаралық университеттер барын атап өтті.

"Досым Президент Эмомали Шариповичтің ұсынымы бойынша Қазақстан тәжік  жастарының ел университеттерінде білім алуына грант бөлуге әзір", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, біздің оқу орындарында бүгін шетелден студенттер білім алуда.

"Түркістанда қазақ-түрік университеті бар, Астанада, Алматыда өте мықты университеттер бар, біз жастар бір-бірін танып, біліп, тиісінше дамуы үшін алмасуымыз қажет", - деді Н. Назарбаев.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!