Астанадағы барлық мекемелерде жұмыс уақыты өзгеретін болады

Фотография - Астанадағы барлық мекемелерде жұмыс уақыты өзгеретін болады

Жұмыс уақытының басталуы Астанадағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарда да өзгеретін болады.

185 0

Жұмыс уақытының басталуы Астанадағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарда да өзгеретін болады.

Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде "Астана LRT" компаниясының басшысы Талғат Ардан мәлім етті.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік мекемелер мен түрлі ұйымдардың жұмыс уақыты 9:00-де басталады. Оған 200 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді тағы қосыңыз.

"Жолдағы кептелісті жеңілдетудің түрлі шараларын қолданғанмен, көшелердің сыйымдылығы шексіз емес. Нөпір келгенде кептеліс болуы заңды. Бірақ егер біз барлық мекемелерде зерттеу барысында олардың жұмыс уақытын өзгертсек, жұмысқа дейін 15-20 минутта жетуге мүмкіндік болады. Бұл әлемдік үдеріс. Аспаннан ештеңе ойлап тапқан жоқпыз", - дейді ол.

Т. Арданның сөзі бойынша, қазіргі кезде арнайы зерттеу жасалуда. Оның аясында мекемелердегі жұмыс уақыты таңғы 7:00-ден 10:00-ге дейін өзгертілмек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!