И. Тасмағамбетов Душанбеде ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысына қатысты

Фотография - И. Тасмағамбетов Душанбеде ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 15 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласындағы ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері Кеңесінің бірлескен отырысына қатысты

287 0

Бүгін, 15 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласындағы ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері Кеңесінің бірлескен отырысына қатысты.

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметінен хабарлады.  

Бұл саммитке ерекше өзектілікті шекарада және ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағынан таяу маңда болып жатқан белгілі оқиғалар мән береді.

Душанбедегі саммитте Орта Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Таяу Шығыстағы ахуал мәселелері қаралды. Одан басқа, ҰҚШҰ-ның ҰЖДК кенеттен тексеру, әскери оқу орындарында әскери кадрларды дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру және мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің білім және ғылыми жұмысын үйлестіру, басқару органдары мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының құралымдарын жедел және жауынгерлік даярлау іс-шаралары талқыланды.  

Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның әскерлерін (ұжымдық күштерін) басқару жүйесі, әскери және өзге де құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкі мен әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау аясындағы ынтымақтастық туралы келісім, теміржолдарды техникалық тасалаудың бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы хаттама, төтенше жағдайлар және ҰҚШҰ-ның Хатшылығы бойынша Үйлестіру кеңесінің қызметін жетілдіру туралы ҰҚК шешімі, ұйымның бюджетін бекіту бойынша құжаттар топтамасына қол қойылды.  

Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің өтініші қабылданды. Онда 2014 - 2015 жылдары Ұйыммен атқарылған жұмыс қорытындысы шығарылды және даму перспективалары айқындалды.

Барлығы ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібінде ҰҚШҰ-ның әскери құрамдасына жататын 7 мәселе болды.

"Тәжікстан - Орта-Азия өңіріне ену жолындағы тосқауыл. Жалпы алғанда, ҰҚШҰ-ның аумағында лаңкестік, экстремизм, есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және тағы басқамен байланысты өте көп талап және қауіп-қатер.  Тәжікстан осы проблемалардың қақ ортасында тұр", - деп атап өтті ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Николай Бордюжа.

Душанбедегі саммитте ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Тәжікстаннан Арменияға көшті. Қазіргі сәтте ҰҚШҰ-ға 6 ел, яғни, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретінін естеріңізге сала кетейік. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!