90 елдің прокурорлары лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтасу мәселелерін талқылады

Фотография - 90 елдің прокурорлары лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтасу мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Цюрих қаласында (Швейцария Конфедерациясы) өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының (ХПҚ) 20-шы жыл сайынғы конференциясы және жалпы жиналысына қатысты.

260 0

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Цюрих қаласында (Швейцария Конфедерациясы) өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының (ХПҚ) 20-шы жыл сайынғы конференциясы және жалпы жиналысына қатысты. Форумда әлемнің 90-нан астам елінің жоғары қадағалау органдарының басшылары бас қосты, деп хабарлайды BNews.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Швейцария Конфедерациясының Президенті, Швейцария Әділет және полиция департаментінің басшысы Симонетта Соммаруга, Швейцарияның Бас прокуроры Майкл Лаубер және Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярош ашылу рәсімінде сөз сөйледі.

Форумда сыбайлас жемқорлық пен ақшаның жылыстауы, лаңкестікті қаржыландыру, алаяқтық пен салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстар, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған кірістер мен активтерді қайтаруға қарсы тұрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды. Қадағалаушы органдардың басшылары трансұлттық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту және үйлестірілген саясат жүргізуге ниет білдірді.

Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, күн тәртібінің өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, адам құқықтарының кепілдігін қамтамасыз ету, қоғам және мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша күш-жігерді жұмылдыру жөніндегі барлық елдерге ортақ стратегиялық міндеттерден туындаған.

Конференция аясында А.Дауылбаев Швейцария, Чехия, Ресей, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Малайзия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея бас прокурорларымен және Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері бас прокуратураларының басшылығымен, сондай-ақ Ұлыбританияның Алаяқтық қылмыстармен күресу Офисінің директорымен және ХПҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Әріптестер халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизм және терроризммен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту және күшейту, жедел ақпаратпен алмасу мәселелері қозғалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!