Д. Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды - Мәжіліс

Фотография - Д. Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды - Мәжіліс

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады.

606 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен жақында Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл тағайындауға дейін Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары болған еді.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (07.05.1963, Қарағанды облысы Теміртау қаласында туылған) – тарих ғылымдарының кандидаты (1991), саясаттану ғылымдарының докторы (1998). ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының вице-президенті (1992). "Хабар" телерадио корпорациясының вице-президенті, директоры, президенті (1994–2001), 2001 жылдан директорлар кеңесінің төрайымы, "Асар" партиясының төрайымы (2003–06) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшысы. "Демократизация политических систем стран СНГ: опыт, проблемы, приоритеты" ("ТМД елдерінің саяси жүйелерін демократияландыру: тәжірибе, проблемалар, басымдылықтары») деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. "Парасат" (2004), Өнер және әдебиет (2009, Франция) ордендерімен марапатталған.

Білімі жоғары. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, аздап неміс тілін меңгерген.

Михайл Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған.

1985 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1990 ж. Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен. 1991 ж. тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң саясат ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.

1992 ж. — "Бөбек" балалар қайырымдық қорының вице-президенті.

1994 ж. — "Хабар" Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.

1995 ж. — "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

1998 ж. — "Хабар" агенттігі" АҚ президенті.

2001 ж. — "Хабар" агенттігі" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.

2003 ж. — "Асар" партиясының лидері.

2006—2007 жж. — "Нұр Отан" партия төрағасының орынбасары.

2004—2007 жж. "Асар" партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты боп сайланған.

2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты.

2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің Төрайымы.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!