Қытай-Еуропа контейнерлік жүк тасымалын Қазақстан арқылы өткізуге күш салу керек - Ә. Исекешев

Фотография - Қытай-Еуропа контейнерлік жүк тасымалын Қазақстан арқылы өткізуге күш салу керек - Ә. Исекешев

Қытай-Еуропа контейнерлік жүк тасымалын Қазақстан арқылы өткізуге күш салу керек. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті

187 0

Қытай-Еуропа контейнерлік жүк тасымалын Қазақстан арқылы өткізуге күш салу керек. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Еске салайық, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Аталған құжат Елбасының "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруды көздейді.

"Заң жобасы аясында контейнерлік тасымалдарды дамыту шаралары да көзделеді. Бұл ретте магистральды теміржол желілері қызметі бойынша контейнерлік тасымалдаулар мәселелерін табиғи монополияларға жатқызу қарастырылады. Айта кетерлігі, жүктерді контейнермен тасу бүгінгі таңда көліктік тасымалдың ең перспективалы түріне айналып отыр. Мәселен, жүк ағының теңіз жолынан теміржол көлігіне қайта бағдарлануы есебінен,  Қытай-Еуропа маршрутында контейнерлік тасымалдаудың қарқыны ерекше үдей түсуде.  Ендеше біздің мақсатымыз, ондай тасымалдардың Қазақстан арқылы өтуін мүмкіндігінше қамтамасыз ету", - деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Министрдің сөзіне қарағанда, бұл жолдың жаңа басталғанына қарамастан, ондағы прогресс зор екені байқалуда. Айталық, Қытайдан Еуропаға ағылған осындай жүк тасымалы ағымдағы жылдың жеті айында былтырғыға қарағанда 3 есеге артқан.  

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!