Қожамжаров: Қостанайдың экс-әкімі мен оның орынбасарлары 14 млн теңге сомасында пара алды деген күдік бар

Фотография - Қожамжаров: Қостанайдың экс-әкімі мен оның орынбасарлары 14 млн теңге сомасында пара алды деген күдік бар

Агенттік басшысының айтуына қарағанда, Қостанай қаласының әкімі мен оны орынбасарлары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы соңғы бір жарым ай барысында қылмыстық жауапкершілікке тартылып келеді.

480 0

Қостанайдың экс-әкімі мен оның орынбасарлары 14 млн теңге сомасында пара алды деген күдік келтіріледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің төраағсы Қайрат Қожамжаров мәлім етті. 

Агенттік басшысының айтуына қарағанда, Қостанай қаласының әкімі мен оны орынбасарлары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы соңғы бір жарым ай барысында қылмыстық жауапкершілікке тартылып келеді. 

"Олар өздерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған деп айыпталуда, сонымен қатар, 300 мың теңгеден 14 млн. теңгеге дейін пара алды деген күдік бар. Бүгінгі таңда тергеу органдары мұндай қылмыстың қаншалықты жүйелі түрде жүзеге асып отырғанын тексеруде. Біз істің толыққанды болғанын және оған әрбір жауапты тұлғаның қатысуын қамтамасыз етуді қалаймыз. Ал Қостанай облысының бұрынғы әкімі Н. Сәдуақасовқа келсек, өтініштер берілді, шешім қабылданды. Оған қатысты тергеу жаңа басталды", - деді Қ. Қожамжаров.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен 9 қыркүйекте ұсталған болатын. Кейіннен экс-әкім өз қылмысын мойындап, ол үйқамаққа алынған болатын. Бұдан бөлек, экс-әкімнің бұрынғы орынбасарлары Фрунзик Аракелян мен Мақсұт Қалиев те қамауға алынған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!