"Айбалта-2015" жауынгерлік әзірліктің ауқымды тексерісі аяқталды

Фотография - "Айбалта-2015" жауынгерлік әзірліктің ауқымды тексерісі аяқталды

10 күн ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы "Көктал" оқу-жаттығу полигонында "Айбалта-2015" жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

190 0

10 күн ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы "Көктал" оқу-жаттығу полигонында "Айбалта-2015" жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Дағдарыстық ауданда бірлескен арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу 6 кезеңге бөлінді.

Бірінші кезеңде әскери қызметшілер әскерлердің біріккен топтамасын жауынгерлік әзірлікке келтіруді пысықтады. Содан кейін жауапкершіліктің белгіленген аймақтарында әскерлер топтамасының құрылуын дайындауды, ішкі қарулы шиеленісті оқшаулау және бұлтартпау жөнінде арнайы операцияның жоспарлануы мен орындалуын жүргізді.

Оқу-жаттығу ауқымды болғандықтан, тактикалық тапсырмаларды орындау нысанында «төтенше жағдай» режімін қамтамасыз ету қисынды жалғасын тапты және заңсыз әскери құралымның ірі жасағын бұғаттау мен жою және әскерлердің жаңа дағдарыстық ауданға қайта топтасуы секілді сәттер негізгі сәттердің бірі болды.

"ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы кенеттен тексеру практикасы ұдайы негізде жалғасып тұратынын бірнеше мәрте растады. Кешенді шаралар, кешенді тексерістер туралы сөз болғандықтан, осы жағдайда барлық арналар іске қосылады, яғни, аралас сұрақтар бойынша қорғаныс ведомствасы мен өзге де ведомствалардың бірізділігі", - деп атап өтті оқу-жаттығу барысында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

"Айбалта-2015" оқу-жаттығуының ерекшелігінің бірі әскери қызметшілер жауынгерлік іс-қимылдар орнына құрамдастырылған маршпен, әуе және теміржол көлігімен, сондай-ақ күрделі өтілетін бағдарлармен келуі болып табылады. Ал батальон командирлері шынайы жағдайда бөлімшелерді басқарды және өздігінен шешім қабылдады. Бұл кәсіби тұрғыда оқып-үйретілген офицерлер корпусын қалыптастыру үшін өте қажет.

Іс-шара бірден бес облыста, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында өткенін айта кеткен жөн. Онда 10 000 әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшесі, 2 000-нан аса бірлік техника тартылды. Мұндай тексерістерді өткізу әскерлердің далалық дағдысын арттыру ісіндегі кезекті қадам.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!