Назарбаев: Қазақстан мен Ресейдің жаһандық азық-түлік нарығында жетекші ойыншыға айналуға әлеуеті жетеді

Фотография - Назарбаев: Қазақстан мен Ресейдің жаһандық азық-түлік нарығында жетекші ойыншыға айналуға әлеуеті жетеді

Қазақстан мен Ресейдің жаһандық азық-түлік нарығында жетекші ойыншыға айналуға әлеуеті жетеді. Бүгін Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

272 0

Қазақстан мен Ресейдің жаһандық азық-түлік нарығында жетекші ойыншыға айналуға әлеуеті жетеді. Бүгін Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

"Бүгінгі күні біз сөз қылып отырған азық-түлік - бұл ең тұрақты валюта. Өйткені,  мұнай бағасы құлдырағанымен азық-түлік әр уақытта да бар. Біздің елдеріміз аграрлық-өнеркәсіптік ел және біздердің мүмкіншілігіміз зор. Қазіргі адамзат болашағының шынайы құндылығы  бұл аграрлық кешен", - деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, БҰҰ мәліметтеріне сәйкес 2050 жылға қарай ғаламшар тұрғындары 9 миллиардтан асып жығылады және жаһандық дамудағы әлемнің күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі - «осынау миллиардтарды қалай асырау қажет» деген сұрақ.

"Қазақстан мен Ресей бұл тұрғыда баға жетпес байлыққа ие. Бұл  ұлан-ғайыр ауыл шаруашылығы алқабы, зор тәжірибесі бар іргелі аграрлық ғылым", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

"Екі мемлекеттің ауыл шаруашылығына жарамды алқабын қосар болсақ, ол 435 млн. гектарды құрады. Бұл әлемдік ресурстың 10 пайызынан асады. Табиғи климаттық аймақ, құнарлы топырақ біздерге аграрлық сектордың көптеген салаларында, атап атйқанда, астық, күріш, майлы дақылдар, жем-шөп, ет және сүт өнеркәсібі бағытында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді", - деді ҚР Президенті.

Н.Назарбаев Ресей мен Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені бірегей экспорттық әлеуетке ие екендігін баса атап өтті.

"Азық-түлік тауарларының жиынтық импорты таяу жатқан Қытай, Үндістан, Каспий маңы мемлекеттері, Орталық Азия елдерін қоса алғанның өзінде 170 млрд. доллардан асып жығылады. Біздің қорымыз осындай", - деді ҚР Президенті.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!