Н.Назарбаев: Өзара инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет

Фотография - Н.Назарбаев: Өзара инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет

Қазақстан мен Ресей арасында өзара инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет. Мұндай пікірді бүгін Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білдірді.

138 0

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, өзара инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамытып, трансшекаралық бірлескен кәсіпорындар құру, өндірістік тізбек қалыптастыру, сапалы көліктік-логистикалық инфрақұрылым қалыптастыру қажет.

Осы орайда Елбасы Қазақстан жері арқылы өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" көлік дәлізінің әлеуеті мен болашағын баса атап өтті.

"Аталған жолдың бойында осындай орталықтарды құру есебінен біздер ауыл шаруашылығы өнімдері тауар айналымын арттыра алар едік", - деді Мемлекет басшысы.

ҚазАқпарат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!