Н.Назарбаев қазақстандық-ресейлік агроинновация орталығын құруды ұсынды

Фотография - Н.Назарбаев қазақстандық-ресейлік агроинновация орталығын құруды ұсынды

Агроөнеркәсіп секторын дамытудың басты бағыты инновация болып саналады. Аграрлық сектор алдыңғы қатарлы технологияларды жаңғырту мен енгізуді қажет етеді.

147 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық-ресейлік агроинновация орталығын құруды ұсынды.

"Агроөнеркәсіп секторын дамытудың басты бағыты инновация болып саналады. Аграрлық сектор алдыңғы қатарлы технологияларды жаңғырту мен енгізуді қажет етеді. Сондықтан да, мен біздің елдеріміздің Ауыл шаруашылығы министрліктері жаңа технологиялық шешімдерді коммерциализациялау мен өндіріске енгізумен айналысатын бірлескен агроинновациялық орталықтар құрумен айналысуы қажет деп санаймын", - деді Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бөлшек сауда желісі дүкендері сөресіндегі сапалы өнім өндіретін шағын өндірушілері өзара ынталандыру мәселесін қарастыру қажет.

"Біздерге ( ЕАЭО елдері) өнімдердің құрамы мен шикізаттың сапасын нақты жазу бөлігінде техникалық регламенттердің жаңа стандарттары мен талаптарын әзірлейтін уақыт жетті", - деді ҚР Президенті.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!