Интерпол іздеуде жүрген екі қылмыскерді Қазақстанға экстрадициялады

Фотография - Интерпол іздеуде жүрген екі қылмыскерді Қазақстанға экстрадициялады

Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен еліміздің азаматтары Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаевты Қазақстанға алып келді.

499 0

 Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен еліміздің азаматтары Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаевты Қазақстанға алып келді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұранысына сәйкес Финляндия Республикасының Әділет Министрлігі биылғы жылдың 14 тамызында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Астана қаласы ІІД-нің іздеуіндегі Д.Боцинянды беру туралы шешім қабылдады. Ол 2009 жылы аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін, сонымен қатар сату мақсатымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін айыпталуда", - делінген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ биылғы жылдың тамыз айында Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы 24 жасар А.Қалбаевты қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 2014 жылдың 28 ақпанында беларусьтік сот белгілеген жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.

Жеткізілген азаматтар Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!