ҚР Парламенті Алматыдағы ДДҰ офисін ашу туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Фотография - ҚР Парламенті Алматыдағы ДДҰ офисін ашу туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

2013 жылдың қыркүйек айында Түркия елінде өткен ДДҰ-ның Еуропа аймақтық 63-сессиясында Қазақстан елінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша қашықтағы офисін ашу туралы шешім қабылданған болатын.

211 0

 ҚР Парламенті Алматы қаласындағы ДДҰ–ның МСАК бойынша географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады.

Бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.

ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша (ары қарай - МСАК) тұңғыш офисі әлемнің 53 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін денсаулық сақтау саласының аталған бағытын дамыту бойынша зерттеулер жүргізіп, ұсынымдар жасаумен айналысатын болады.

Бұл Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді Қазақстанда бейімдеуге мүмкіндік береді. Бірлесе атқарылатын жұмыс нәтижесінде денсаулық сақтаудың бастапқы буынының қолжетімділігі мен сапасына, әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары үшін; алдын алу бағдарламаларының тиімділігін арттыруға; жұқпалы емес аурулардың туындау қаупінің белгілі факторларымен күресті күшейтуге қол жеткізілуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қыркүйек айында Түркия елінде өткен ДДҰ-ның Еуропа аймақтық 63-сессиясында Қазақстан елінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша қашықтағы офисін ашу туралы шешім қабылданған болатын.

Өткен жылы Денсаулық сақтау Әлемдік ассамблеясының 67-сессиясынла ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ДДҰ–ның МСАК бойынша Алматы қаласында географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісіміне қол қойылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ДДҰ Еуропалық бюросының Аймақтық директоры Жужжанна Жакабтың жұмыс сапары барысында С.Д. Асфендяров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің базасында кеңсенің ашылу салтанаты өтті. Жоғарыда аталған келісім ратификацияланған соң кеңсе өз жұмысын бастамақ.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!