Елбасы Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдерімен өңірлерді дамыту мәселесін талқыла

Фотография - Елбасы Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдерімен өңірлерді дамыту мәселесін талқыла

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен және Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевпен кездесті.

194 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен және Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы өңірді дамытудың басымдығы бар бірқатар бағыттарына тоқталып өтті. Жергілікті билік бұл бағыттарға бүгінде айрықша көңіл бөлуі тиіс. Атап айтқанда, жаңа экономикалық жағдайда жұмыс орындарын сақтау, жаңа индустриялық нысандарды дамыту және облыстың өндіруші ірі кәсіпорындарының төңірегінде индустриялық аймақ құру мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде А.Айдарбаев Елбасыға өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өңір экономикасын әртараптандыруды жалғастыру қажеттігін айтты.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!